Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ патшайымы - 70 жаста

26 Желтоқсан 2017

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, актриса, ҚУЫРШАҚ театры саxнасының патшайымы СӘБИЛА АБУЕВА – мерейлі 70 жаста! 

Жақында театр ұжымы жарты ғасырға жуық ғұмырын қуыршақ театр өнеріне арнап келе жатқан Сәбила МЕҢДІҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ мерейлі 70 жасы мен сахнадағы 50 жылдық мерейтойын зор құрметпен атап өтті. Осы тұста бенефис иегерін QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының «ТАҢШОЛПАН» ақпаратты-сазды бағдарламасының тілшілері арнайы құттықтап, жағымды жаңалықты телекөрермендермен бөліскен тұғын. Арнайы сюжетті назарларыңызға ұсынамыз.