Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мерекелік қойылым

29 Тамыз 2020
ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
"АЛТЫН_АДАМ" СПЕКТАКЛІН КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНАМЫЗ!
3+
Авторы: А.Файзулла
Режиссері: Ю.Уткин
Алтын адам – Есік қорғанында табылған сақ тайпасының батыры. Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті жас көсемі, Қазақстанның азаттық символына айналған тұлға. Қойылымның көтерген тақырыбының өзектілігі сол – жас баланың азамат болып қалыптасу жолында түзу жолдан таймай, рухы биік, ержүрек батырға тән қасиеттерді бойына сіңіріп үйренуге дәріптейді.
Қызығы толастамас таңдамалы қойылымдар ҚУЫРШАҚ театрында!