Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театрының 88 маусымы ашылды

26 Қыркүйек 2023

Бүгін Мемлекеттік Қуыршақ театрының 88-маусымы Елена Локшинаның «Бауырсақ» ертегісімен ашылды. Режиссері Антон Зайцев.

Ертегінің бас кейіпкері кейіпкері – таңғажайып геометриялық пішіндер әлемінде өмір сүретін шар тәрізді Бауырсақ есімді ерекше жаратылыс тура солай ойлайды. Ол өзінің бірегей даралығына кәміл сенеді, сол себепті өзге пішінді жануарларға жоғарыдан менсінбей қарайды. Күндердің бір күні ол үйінен қашып шығып, ну орманның ішінде Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі сынды таңғаларлық тұрғындарды кездестіреді. Олардың біреуі ромб пішінді, келесісі нағыз шаршы, ал тағы біреуі мүлде үшбұрыш. Қойылым барысында кішкентай көрермен Бауырсақпен бірге геометриялық пішіндердің әралуан түрлерімен танысып, бірге ойын ойнап, көңіл көтере би билейді. Ең соңында бұл әлемде геометриялық пішіндердің барлығы маңызды ма деген сұрақтың жауабын табады. Осы бір ерекше қуыршақ кейіпкерлері бар, белгілі славян ертегісі бойынша сахналанған интерактивті танымдық қойылым өз-өзімізді және өзгелерді түсіне білуді және қабылдай алуды үйретеді.

Мемлекеттік қуыршақ театрында 88-ші театр маусымының салтанатты ашылу барысында қонақтар мен көрермендер көңілді билер, қызықты ойындар, әдемі хореографиялық нөмірлер мен тамаша атмосфераға бөленді.

Қойылым барысында жас көрермендер сиқырлы ертегілер әлеміне еніп, өнерпаздармен бірге ойнап, би биледі.

«Бауырсақ» қойылымының премьерасы 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

ҰЛТ Порталы

Сілтеме: https://ult.kz/post/kuyrshak-teatrynyn-88-mausymy-ashyldy