Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Балаларға - базарлық

1 Маусым 2021

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы мемлекеттік қуыршақ театры жас көрермендер мен олардың ата-аналарына арнап жаңа жобалар ұсынады.

«Қуыршақ думан» қайырымдылық қойылымы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының бүлдіршіндерінің назарына ұсынылады. Бұл шара демеушілердің сыйлық тартуымен жалғасады. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің қуыршақ театрына деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы викториналық сұрақтар, байқаулар мен интерактивті ойындарды қамтитын «Қуыршақ театры қуантады», «Менің сүйікті қуыршағым» сынды танымдық жобаларда бүлдіршіндердің жан-жақты, жоспарлы дамып, жүйелі уақыт өткізуі көзделген» делінген театр хабарламасында.

Театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында «Мен де бала болғанмын» атты сауалнама, «Балалықтың бал дәмі» танымал өнер жұлдыздарының балалық шағы туралы естеліктері, театрдың қуыршақ жасау шебері, суретші, бутафор қызметкерлерінің қатысуымен «Балалық шақтың жарқын түстері» онлайн шеберлік сағаты өтеді.

Гүлжанат СЕМБАЕВА

"Almaty Aqshamy" газеті

Сілтеме: https://almaty-akshamy.kz/balalar-a-bazarly-2/