Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Шкафтағы "Түйме қыз"

8 Ақпан 2021

Мемлекеттік Қуыршақ театрының репертуарындағы "Түйме қыз" қойылымы жөнінде "Вечерний Алматы" порталына орыс тілді мақала шықты. Авторы - Елена Соколова. Ол қойылымның ерекше тұстарын атап өтіп, ұтымды жерлерін нақты етіп талдап, позитивті баға береді. Және оқырмандарға "Түйме қызды" көру туралы ой салады. Мақала ұзақ емес, қысқа да нұсқа, автор өз ойын тиянақты әрі нақты етіп жеткізуге тырысқан. Сайтымыздың орыс тілді нұсқасына арқылы да, төмендегі сілтеме арқылы орыс тілді мақаланы оқи аласыздар.   

 

Сілтеме: https://vecher.kz/dyuymovochka-v-komode