Қостанай облыстық қуыршақ театрының «Жындының жазбалары» спектаклі

 

Жанры: Трагикомедия 

Жас ерекшелігі: 18+ 

Ұзақтығы: 60 минут 

Тілі: Орыс тілінде

Өтетін орны: Үлкен зал

Өтетін күні мен уақыты: 24-қазан, 15:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- Автор – Николай Гоголь

- Режиссер – Николоз Сабашвили

- Суретші – Александра Кравцова

 

Спектакль туралы:

«Жындының жазбалары» – классикалық туындының заманауи сахналық интерпретациясы, адамның жан дүниесінің нәзіктігі мен осалдығын ашатын психологиялық қойылым. Басты кейіпкер қоршаған шындықты қабылдай алмай, қиял әлеміне бойлайды, ақиқат пен елес арасындағы шекара жойылған кеңістікте ол өзін Испанияның королі деп санайды.

Режиссёр авторлық ойдың өзегін сақтай отырып, әсерлі сахналық образдар, көркем декорация, жарық пен дыбыс шешімдерінің көмегімен шығармаға жаңа тыныс береді. Спектакль материалдық құндылықтар және әлеуметтік мәртебе үстемдік ететін қоғамдағы адам тағдыры мен оның жан дүниесінің шынайы құны туралы терең ойға жетелейді.

 

Театр туралы:

Қостанай облыстық қуыршақ театры – балалар мен ересектерге арналған қойылымдар арқылы көрерменді қиял мен өнер әлеміне жетелейтін шығармашылық ұжым. Театр репертуарында әлемдік және отандық әдебиет туындылары негізінде сахналанған 60-тан астам спектакль бар. Олардың қатарында балаларға арналған ертегілермен бірге адам болмысы, өмір мен қоғамның өзекті мәселелерін қозғайтын «Шал мен теңіз», «Қарғаның мәткесі», «Жындының жазбалары» және «Men…» сынды қойылымдар кездеседі. Дәстүрлі қуыршақ өнерін заманауи режиссерлік ізденістермен ұштастыратын театр сахналық бейнелеудің жаңа тәсілдерін игеріп, көрерменге ерекше әсер сыйлауға ұмтылады. Шығармашылық ұжым республикалық және халықаралық театр фестивальдеріне белсене қатысып, түрлі марапаттарға ие болып келеді. Бүгінде театр өнердің жаңа мүмкіндіктерін танытып, жас көрермендердің қиялын ұштап, ересектерді терең ойға жетелейтін қойылымдарымен өңірдің мәдени өміріне өз үлесін қосып келеді.