«ТОХОТ» театрының «Аңдар детективі» спектаклі
Жанр: Джаз-нуар стиліндегі көлеңкелі қуыршақ детективі
Жас ерекшелігі: 6+
Ұзақтығы: 45 минут
Тілі: Орыс тілінде
Өтетін орны: Үлкен зал
Өтетін уақыты: 23-қазан, 17:30
Спектакльдің шығармашылық құрамы:
- Режиссер әрі инсценировка авторы, музыкамен көркемдеуші – Сергей Черепанов
- Суретші – Эльвира Лобзанова
Спектакль туралы:
Тәжірибелі ізкесуші Борсук пен оның көмекшісі Борсукот шалғайдағы орманда орын алған жан түршігерлік қылмысты тергеуге кіріседі. Біреу қоянды жеп қойған! Барлық айғақ қасқырды көрсетіп, күдікті қолға түсіп, қамауға алынады. Алайда бұл істің астарында бір шикілік жатқандай...
Орман тұрғындарының құпия айла-шарғылары, сатқындықтары мен қылмыстары бүкіл отбасымен тамашалауға арналған детективтік нуар жанрында өрбиді. Спектакльдің ерекше көркемдік шешімдері мен джаз музыкасының аңызға айналған өкілі Miles Davis шығармалары көрерменді жұмбақтар мен шытырман оқиғаларға толы тылсым әлемге жетелейді.
Театр туралы:
«ТОХОТ» театры (Көлеңкеге жан бітіретін суретшілердің театр бірлестігі) 2021 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында продюсер әрі режиссер Сергей Черепановтың бастамасымен құрылған. Театрдың басты ерекшелігі – дәстүрлі қуыршақ жүргізу өнерін, актерлік шеберлік пен заманауи мультимедиялық технологияларды ұштастыратын көлеңке театрына тән жаңашыл шығармашылық тәсілі. Арнайы жасалған көлеңке үстелі мен бейнепроекцияның көмегімен көрермендер актерлердің сахнадағы ойынын және үлкен экранда жан біткен көлеңке кейіпкерлерін бір мезгілде тамашалай алады. Мұндай көркемдік шешім қуыршақ театрының бейнелеу мүмкіндіктерін жаңаша ашып, ерекше сиқырлы атмосфера қалыптастырады және көрерменді қиял әлеміне жетелейді. «ТОХОТ» Ресейдің кәсіби театрлар тізіліміне енгізілген және өңірлік әрі халықаралық театр фестивальдеріне тұрақты қатысып келеді.
Театр «ТОХОТ» (Театральное объединение художников, оживляющих тень) был основан в 2021 году в Екатеринбурге по инициативе продюсера и режиссёра Сергея Черепанова. Главная особенность театра – оригинальный подход к искусству театра теней, объединяющий традиционное кукловождение, актёрское мастерство и современные мультимедийные технологии. Благодаря авторской конструкции теневого стола и видеопроекции зрители могут одновременно наблюдать за игрой актёров и оживающими на большом экране теневыми персонажами. Такой художественный приём позволяет по-новому раскрывать выразительные возможности театра кукол, создавая особую атмосферу волшебства и вовлекая зрителей в мир воображения. «ТОХОТ» входит в реестр профессиональных театров России, регулярно участвует в региональных и международных театральных фестивалях.