Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының «Алқызыл гүл» спектаклі

 

Жанр: ертегі

Жас ерекшелігі: 6+

Ұзақтығы: 50 минут

 

Тілі: қазақ тілінде

Өтетін орны: Үлкен зал

Өтетін уақыты: 23-қазан, 15:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- Автор – Ирина Карнаухова, Леонид Браусевич

- Режиссер әрі инсценировка авторы – Нұрсейіт Өткір

- Суретші – Бақыт Сраилов

- Музыкамен көркемдеуші – Нұрбол Оңғарбеков

- Балетмейстер – Ринат Билибаев

 

Спектакль туралы:

Бұл — шынайы махаббат, мейірім мен адамдық қасиеттің сұлулығын дәріптейтін ғажайып ертегі.

Саудагер ұзақ сапарға аттанарда қыздарынан қандай сыйлық әкелу керектігін сұрайды. Үлкен екі қызының қалауы бағалы тастар мен жібек көйлек болса, ал Алёнушка әкесінен өзіне ерекше, жер бетінде болмаған алқызыл гүлді әкелуін өтінеді. Әкесінің іздеген гүлі қасиетті Муром орманының сиқырлы сарайында еді. Саудагер гүлді үзген сәтте бәрі өзгереді.

Осылайша Алёнушканың өмірінде таңғажайып оқиғалар басталады.

 

Театр туралы:

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры – Түркістан облысының Жетісай қаласында орналасқан өнер ордасы. Театр 1969 жылғы 18 қаңтарда Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» музыкалық драмасымен шымылдығын ашқан. 1978 жылы өнер ордасына қазақ театр өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің есімі берілді. Осы уақытқа дейін театр сахнасында отандық және шетелдік драматургия негізінде 250-ге жуық спектакль қойылып, шығармашылық ұжым республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде өнер көрсетіп келеді. 2023 жылы театр жанынан қуыршақ театры ашылып, балаларға арналған қойылымдар сахналана бастады. Бүгінде өнер ордасы ұлттық сахна дәстүрлерін дәріптеп, классикалық және заманауи драматургияны көрермен назарына ұсынып, өңірдің мәдени өміріне елеулі үлес қосып келеді.