«Izvorașul Vesel» қуыршақ театрының «Теңбілді ханшайым» спектаклі

 

Жанр: ертегі

Жас ерекшелігі: 4+

Ұзақтығы: 40 минут

 

Тілі: Орыс тілінде

Өтетін орны: Кіші зал

Өтетін уақыты: 22-қазан, 12:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- автор – Анна Шмидт

- режиссер – Нику Прескура

- Декорация – Дмитрий Ангелов

- Қуыршақ – Татьяна Маковенко

 

Спектакль туралы:

Ертеде бір патша мен патшайымның көптен күткен арманы орындалып, сиқырлы жұмыртқадан Крапинка есімді сүйкімді ханшайым дүниеге келеді. Алайда оларға көмектескен сиқыршы әйел бір шарт қояды: күз мезгілінде сарайдың барлық есік-терезесі мықтап жабық тұруы тиіс.

Бір күні патша мен патшайым бұл шартты ұмытып кетеді. Құстардың үнін естіген Крапинка құсқа айналып, олармен бірге ұшып кетеді. Енді кішкентай ханшайымды құтқарып, ата-анасына қайта қауыштыру үшін алыс елден келген батыл ханзада сапарға аттанады.

 

 Театр туралы:

Молдованың Кишинев қаласында орналасқан «Izvorașul Vesel» қуыршақ театры 2005 жылы өз шығармашылық жолын бастаған. Театр қуыршақ өнерінің сан алуан түрлері мен сахналық техникасын шебер ұштастырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлайтын қойылымдар ұсынып келеді. Шығармашылық ұжым дәстүрлі қуыршақ өнерін заманауи сахналық шешімдермен үйлестіріп, театрдың көркемдік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады. Түркия, Молдова, Украина, Франция, Румыния және Грузия елдерінде өткен халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, өз өнерін әлемдік сахнада танытып келеді.