Ферғана облыстық қуыршақ театрының «Чемодан» спектаклі

 

Жанр: Спектакль-рутиал

Жас ерекшелігі: 6+

Ұзақтығы: 60 минут

 

Тілі: Орыс тілінде

Өтетін орны: Үлкен зал

Өтетін уақыты: 22-қазан, 10:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- Автор – Нодира Акрамова, Элистин Михайлов

- Режиссер – Элистин Михайлов

-  Суретші – Тимур Йулдашев

 

 

Спектакль туралы:

Қарапайым чемодан әлеуметтік желілердің таңғажайып әлеміне апаратын сиқырлы қақпаға айналады. Бұл әлемде лайктар мен жазылушылар, жұрт назарын өзіне аударуға деген шексіз құштарлық үстемдік етеді. Мұнда әркім танымал болуды армандайды, ал шынайы сезімдер барған сайын сыртқы жылтырақтың көлеңкесінде қалып қояды. Спектакль кейіпкерлері виртуалды патшалыққа қызықты әрі қауіпті саяхатқа аттанады. Онда оларды Лайктар патшайымымен, жұмбақ цифрлық жаратылыстармен кездесулер және өмірде ненің шын мәнінде маңызды екенін ұғындыратын түрлі сынақтар күтіп тұр.

Алайда бұл тек балалар туралы ғана емес, ересектер туралы да оқиға. Өзі де байқамастан баласымен шынайы қарым-қатынасты телефон экранымен алмастыра бастаған ана туралы хикая. Хабарламалар, жаңалықтар мен әлеуметтік желілердің шексіз тасқынына бой алдырған ана өз ұлынан біртіндеп алыстай түседі. Тек баласынан айырылып қалу қаупімен бетпе-бет келгенде ғана ол ең маңызды сөздерді жай хабарлама арқылы жеткізу мүмкін еместігін, ал махаббаттың орнын ешқандай гаджет баса алмайтынын түсінеді.

 

«Чемодан» – отбасы, достық, жақындарға деген қамқорлық пен өзара жауапкершілік туралы балалар мен ересектерге арналған заманауи ертегі. Бұл спектакль мыңдаған виртуалды дауыстың арасынан ең жақын адамыңның үнін естудің және цифрлық әлемде бір-біріңді жоғалтып алмаудың қаншалықты маңызды екенін баяндайды.

 

Театр туралы:

Ферғана облыстық мемлекеттік қуыршақ театры 1989 жылы театр-студия ретінде құрылып, 1993 жылы қазіргі мәртебесіне ие болған. Театр балаларға арналған спектакльдерді сахналап, өзбек және әлем әдебиетінің шығармаларын қуыршақ өнері арқылы ұсынып келеді. Ұжым ұлттық театр дәстүрлерін дамытуға, жас көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Театр түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, өз өнерін шетелдік көрермендер арасында да дәріптеп келеді.