Өзбек ұлттық қуыршақ театры / Ташкент қаласы, Өзбекстан
Инсценировка авторы әрі режиссері: Д.Юлдашева
Суретші: М.Рузметова
Музыка: Б.Закиров
Жас: 3+
Қожанасыр – шынымен де халықтың жүрегінен орын алған нағыз халық қаһарманы. Оның тапқырлығы, қалжың мен қулығы астасқан сөздері, әділдік жолындағы күресі мен еліне деген шексіз сүйіспеншілігі бірнеше ұрпақты тәнті етіп келеді.
Тіпті оның қай халыққа тиесілі екені жайлы бүгінгі күнге дейін әр ел өзара таласып жүргені тегін емес. Бұл жағдайдың өзі-ақ Қожанасырдың күлкі мен ізгілікті дәріптейтін, бүкіл адамзатқа ортақ бейне екенін көрсетеді.
«Сондықтан болар, өлім періштесі Әзірейіл әлі күнге дейін Қожанасырдың бұл дүниемен қоштасуын күтіп жүр. Бірақ бұл әлем оны жібере алмайды – себебі оның астарлы әзілдерін, тапқыр сөздерін, мейірімді күлкісінсіз өмір сүре алмайды. Кім біледі, бәлкім дәл қазір де ол бізбен қатар өмір сүріп жүрген шығар?
Эй, Қожанасыр, бізге бір белгі беріңізші!»
Орыс тілінде