«Minusmal» театры / Гранада қаласы, Испания
Автор: Реймон Руиз
Режиссер әрі композитор: Реймон Руиз, Лапсо Продакшн
Суретші: Реймон Руиз, Едгардо Гонзалез
Жас: 6+
Біз үнемі шешімін табуды қажет ететін түрлі жағдайларға тап боламыз. Кейде олар жұмбақ секілді – жетіспейтін бөлшектерді іздейміз немесе дұрыс жолды табуға тырысамыз. Бірақ кейде бір мәселелер мен жағдайлар қайта-қайта қайталана береді, сол кезде өзімізді тығырыққа тірелгендей, шыға алмайтын лабиринтте жүргендей сезінеміз.
Ақылмен не интуициямен біз сол түйінді шешуге тырысамыз. Көп жағдайда ең қарапайым жол – ең дұрыс жол болып шығады.
«Нил» – әрбір адамның өз-өзімен бетпе-бет келуі жайлы метафоралық спектакль. Түрлі қиындықтарды шешу жолдарын іздейтін, үміт пен сенімді жоғалтпай, күйзеліс пен уайыммен күрес жолын көрсететін сапар.
Спектакльде қуыршақ пен қуыршақшы бір жұмбақты шешуге тырысады. Бұл – екеуінің арасындағы ерекше қарым-қатынас, кімнің кім екенін ажырату мүмкін болмайтын сәттер. Қойылым – эмоцияларды жеткізудің поэтикалық әрі музыкалық жолын меңзейтін, ишара арқылы сөйлейтін нәзік детальдерге құрылған көрініс.
Қойылым сөзсіз өтеді.