Амит Танвардың үнді қуыршақ өнері мамандары тобы / Джодхпур қаласы, Үндістан
Автор, режиссер, артист: Амит Танвар
Жас: 3+
«Кхатпутли» – үнді халқының көне дәстүрлерінен нәр алған көрініс. Қойылым Раджастхан аймағының халық ертегілері, балладалары мен әуендерінен шабыт алып, үнді мәдениетінің байлығы мен жарқындығын сахна тілінде бейнелейді. Бұл спектакль – ғасырлар бойы сақталған рухани мұра мен заманауи шығармашылықтың үйлесімін паш ететін поэтикалық жолдау. Спектакль өнердің әмбебап тілін пайдалана отырып, дәстүрлі мәдениетті заманауи сахнада қайта тірілтуді, көрерменге өткен мен бүгіннің үндестігін сезіндіруді мақсат тұтады.
Қойылым сөзсіз өтеді.