Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Алтын балапан

Жанр: Ертегі
Автор: В.Орлов
Режиссер: Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек
+3

Байлыққа қол жеткізуді армандаған көк бөрі мен қу түлкі алтын жұмыртқаны ұрлап, алтын балапан басып шығаруды жоспарлайды. Айлакер түлкі қулыққа басып, аңғал қасқырды жұмыртқа басуға көндіреді. Алайда, жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай балапан көк бөрінің өзіне деген әкелік сезімін оятып, оқиғаны басқа арнаға бұрады. Көңілді музыкалық қойылым кішкентай бүлдіршіндерді отбасына, ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етеді.

Билет алу