Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Рахимова Гүлім

Рахимова Гүлім 1976 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы Көкжиде ауылында дүниеге келген.   

1997 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын қуыршақ театрының артисі мамандығы бойынша бітіреді.

1997 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі лауазымында  қызмет етуде.

2022 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында Актерлік топ меңгерушісі лауазымында қызмет істейді. 

2022 жылдың қазан айында Мәдениет саласының үздігі төсбелгісіне ие болды. 

Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.

Москва қаласындағы Халықаралық «Аяз Ата 2008» конкурсының «Ұлттық Ақшақар» номинациясы, «Үш торай» қойылымындағы белсенділігі үшін «Шығармашылық ізденіс» номинациясы сонымен қатар, Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласында өткізілген «Снежный ком» конкурсында үздік ақшақар рөлі үшін арнайы диплом иегері. (2014 ж.)

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында  сомдаған  рөлдері: Али-Баба және 40 қарақшы»  - Зейнап, «Ақ тау туралы аңыз»  - Гулсана, «Аққу Жібек»  - нөкер, ертекші, «Бремен музыканты»  - мысық, көлеңкелі қуыршақтар,  «Қызыл телпек» - қызыл телпек, «Үш торай» - Ниф – ниф, «Көңілді қонжықтар» - Топочка, «Морозка» - Настя, «Сиқырлы сандық» - шырша, Шапокляк, «Шыршалық қойылымдар»  - Ақшақар, «Наурыз думан» - бойлы қуыршақтар, «Бағдаршам» - биші, «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - Бонго Тонго, «Тарқамайды тойымыз» - қуыршақтың барлық түрі, «Алтын балапан» - Түлкі, «Құрманғазы» - ауыл қызы, «Маугли» - Багира, «Аленький цветочек» - Настенька, «Аладдиннің сиқырлы шамы» - қуыршақтың барлық түрі, биші, «Каштанка» - мысық, «Сұғанақ ешкі» - немере, «Айко мен Страшко» - Айко, құс, «Ана – Жер Ана» - Толғанай. 

2022 жылы 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен театр сахнасында ұзақ жылдардан бері қарымды еңбегі үшін "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.