Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Төребай Салтанат Қуанышқызы

Төребай Салтанат Қуанышқызы 1999 жылдың 26 шілдесінде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.

2005 – 2016 жылдары Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде жалпы білім алған.

2016 – 2020 жылдар аралығында  Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр өнері» факультеті «Драма театры және кино артисті» мамандығы бойынша тәмамдады.

2018 жылы Чехия Республикасы Брно қаласындағы Яначек музыка – театр өнер академиясында академиялық мобильдік бойынша білімін жетілдірген.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында 2018 жылдың қараша айынан бастап артист ретінде қызмет атқарады.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында ойнаған рөлдері:

«Ромео мен Джульетта»  - Джульетта, «Ана  - Жер Ана» - Алиман, «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Будур, «Қош, махаббат» - Бану.