Ғалым Амангелдіұлы 1998 жылдың 6 маусымында Тараз қаласында дүниеге келген.
2016 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп – гимназиясын аяқтаған.
2016 – 2020 жылдар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Т.Жаманқұлов шеберханасы «Драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2018 жылы арнайы кастинг бойынша Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрына қабылданып, бүгінгі күнге дейін артист лауазымында қызмет атқаруда.
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында сомдаған рөлдері:
У.Шекспир “Ромео мен Джульетта” - Ромео, М.Мақатаев “Қош Махаббат” - Бағдат, “Аладдиннің сыйқырлы шамы” - Аладдин.