Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Чемпион

Жанр: Драма
Автор: Әлібек Байбол
Режиссер: Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек
+7

Аты аңызға айналған біртуар боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының чемпионы – Бекзат Саттархановтың азаматтық болмысы мен асқақ рухын дәріптейтін «Чемпион» қойылымы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде сыр шертпек. Арманға деген адалдық, мақсатқа жету жолындағы қажырлы еңбек, елі мен жеріне деген сүйіспеншілік көрініс табатын қойылым жас жеткіншектерді қайсарлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді.