Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Бауырсақ

Жанр: Ертегі
Автор: Елена Локшина
Режиссер: Антон Зайцев
+3

Шеңбер – дүниедегі ең керемет әрі мінсіз пішін. Ертегіміздің бас кейіпкері – таңғажайып геометриялық пішіндер әлемінде өмір сүретін шар тәрізді Бауырсақ есімді ерекше жаратылыс тура солай ойлайды. Ол өзінің бірегей даралығына кәміл сенеді, сол себепті өзге пішінді жануарларға жоғарыдан менсінбей қарайды. Күндердің бір күні ол үйінен қашып шығып, ну орманның ішінде Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі сынды таңғаларлық тұрғындарды кездестіреді. Олардың біреуі ромб пішінді, келесісі нағыз шаршы, ал тағы біреуі мүлде үшбұрыш. Қойылым барысында кішкентай көрермен Бауырсақпен бірге геометриялық пішіндердің әралуан түрлерімен танысып, бірге ойын ойнап, көңіл көтере би билейді. Ең соңында бұл әлемде геометриялық пішіндердің барлығы маңызды ма деген сұрақтың жауабын табады. Осы бір ерекше қуыршақ кейіпкерлері бар, белгілі славян ертегісі бойынша сахналанған интерактивті танымдық қойылым өз-өзімізді және өзгелерді түсіне білуді және қабылдай алуды үйретеді.