Рязань Мемлекеттік облыстық қуыршақ театры / Рязань қаласы, Ресей

 

Автор: Павел Бажов

Режиссері: Григорий Лайко

Суретші: Мария Мурашова

Музыка: Григорий Лайко

Жас: 3+

 

Ертегілер бізге бағзы замандардан жеткен. Әуелде ертегілерді жыршылар айтатын. Кейінірек жазушылар қағазға түсірді. Әрбір кітап мұқабасының астында тұтас бір әлем жасырынып жатыр. Кітап ашылады да...

 

Павел Бажовтың «Күміс тұяқ» ертегісін көрермендермен бірге ертегінің кейіпкерлері өздері қайта оқиды. Жетім қыз Дарёнка, мысық Мурёнка және қарт Кокованя бізге кереметке сену туралы әңгімелеп береді. Адамның ғажайыпқа сенуі кейде сол ғажайыппен бетпе-бет келуге көмектеседі. Кейде тіпті біз ойлағаннан да жақын болады. Өйткені ертегілер – қасымызда...

 

Спектакль орыс тілінде өтеді.