«Senju» театры /София қаласы, Болгария

 

Инсценировка авторы: Любомира Костова

Режиссері: Любомира Костова

Суретші: Сэнджу Такэда, Мила Дикалова

Музыка: Мария Михайлова

Жас: 5+

 

«Иссън Боши» – жапон ертегісі желісімен сахналанған спектакль.

 

Иссън Боши – күріш дәніндей ғана кішкентай! Бірақ соған қарамастан, ол ақылды әрі батыр. Ол оқып, жаза алады және самурай болуды үйреніп жүр. Миска, ине және сүйкімді кои балықтың көмегімен Күн баласы үлкен Киото қаласына аттанады! Онда ол жұмыс тауып, сұлу қыз Ханакомен танысады және қорқынышты Они құбыжықпен бетпе-бет келеді.

 

Спектакль – Болгария мен Жапонияның бірлескен жобасы, онда жапон мәдениетіне ерекше көңіл бөлінген. Көрермендер қолдан жасалған «Такэда» қуыршақтарынан, алып марионеткалардан, көлеңке театрынан, авторлық музыка мен өлеңдерден ләззат ала алады.

 

Спектакль болгар тілінде өтеді.