Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми сайты
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрына 75 жыл
2010 ж. 6-9 желтоқсан аралығында мерейтойға арналған Халықаралық қуыршақ өнері фестивалі өтеді. Фестивальға «Mundo Novo Poco Buyo Dan» (Жапония), Бургас қ. Мемлекеттік қуыршақ театры (Болгария), Мәскеу қуыршақ, көлеңке және «Отражение» актері театрларының ұжымдары, сондай-ақ, Ортеке жанырының орындаушысы, әйгілі этнограф Нурах Абдрахманұлы (Қырғызстан) және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысады. Фестиваль көрермендер үшін және театр ұжымы үшін ерекше, көңілді және жан-жақты болмақ.
«Ортеке-2010» Халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалі
2010 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Мемлекеттік қуыршақ театрымен бірлесіп «Ортеке-2010» І-шi Халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалін өткізеді. Қазақтың дәстүрлі өнерінің Ортеке көне жанры дауылпазға орнатылып, домбырашының саусағына жіппен байланған таутекенің биіне құрылған. Бидің ырғағы домбырашы орныдайтын күймен үйлесіп, ортекенің қозғалысын домбырашы саусағымен басқарып отырады.
Ортекенің ұлттық ерекшелігінің маңызы бұл жанрда музыка, би өнері мен дауылпаз аспабының және қуыршақ-марионетканың қатар пайдаланатындығында. Мұндай көркемдік синтез - Ортекені басқа әлемдік қуыршақ жанрынан ерекшелейтін басты сипаты.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Мемлекеттік қуыршақ театры бәйге жариялайды
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры қазақтың дәстүрлі қуыршақ өнерін дамыту мақсатында халықаралық «Ортеке» қуыршақ өнері фестивалін өткізеді. Фестиваль аясында қуыршақ өнерінің «Ортеке» дәстүрлі жанры бойынша келесі номинацияларға бәйге жарияланады:
1. «Ортеке» қуыршақ жанрының шебер орындаушысы
Бәйге көлемі:
Бас бәйге - 300 000 теңге;
Бірінші бәйге - 200 000 теңге;
Екінші бәйге - 150 000 теңгеден;
Үшінші бәйге үшеу - 75 000 теңге.
2.«Ортеке» қуыршағын жасаушы шебер
Бәйге көлемі:
Бірінші орын - 200 000 теңге;
Екінші орын - 150 000 теңге.
Бәйге қатысушыларға қойылатын шарттар:
Өзі жайлы толық мәлімет (резюме).
Кәсіби деңгейде түскен 10х5 фотосурет.
Республикадағы барлық аймақтардың атынан осы бәйгеге қатысуға ниет білдірген өнерпаздардың жол ақысы, тамағы, жатын орны Мемлекеттік қуыршақ театрының есебінен.
Бәйге осы жылдың 16-20 қыркүйек аралығында Қуыршақ театрының ғимаратында өтеді.
Бәйгеге қатысуға өтініштер ұйымдастыру комитетіне 10 қыркүйекке дейін келесі мекен-жайға жіберілуі қажет:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 63
Телефондар: 8 (727) 273-56-56
Қазақ ертегi «Қаңбақ шал» Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды
31 мамыр 6 маусым аралығында Дүниежүзілік Қуыршақшылар Ассоциациясы (World Association of Puppeteers) аясында Прагада XIV Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалі (World Festival of Puppet Ars – Prague 2010) өтті.
Аталмыш фестиваль қуыршақ жанры әлемінде ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Фестиваль мақсаты әлемдегі қуыршақ шеберлері арасында шығармашылық байланыс орнату, сондай-ақ симпозиумдар, конференциялар және де басқа қуыршақ жанрының дамуына ықпал ететін шаралар өткізу. 14 жыл бойы фестиваль әлемнің түрлі елдерінен театр ұжымдарының басын қосып келеді. Бұл жылы фестивальге қатысуға 273 өтініш келіп түскен, бірақ сұрыптау комиссиясы 44 елден шығармашылық топтарды таңдап алды. Прагада – қуыршақ өнерінің астанасында Еуропа, Азия және Американың 28 елінен келген 38 театр ұжымдары фестивальге қатысты.
Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалі - бұл сайыс. Бұл жылы қазақ халық ертігісінің желісі бойынша қойылған «Қаңбақ шал» қойылымы екі номинация бойынша: «Үздік театр декорациясы және қуыршақ дизайны» және «Үздік режиссер» қатысты. Құрамы Жапониядан Мэри Бойд, Алжирден Меда Сида Ахмед, Норвегиядан Кджелл Хелджелэнд және әділқазылар төрағасы Роберт Словениядан Уолтл сияқты қуыршақ жанырының шеберлері құрылған Халықаралық әділқазылар «Қаңбақ шал» қойылымын «Үздік театр декорациясы және қуыршақ дизайны» номинациясы бойынша Бас жүлдемен мараппатады. Театрға дипломды табыстай отырып, қуыршақ жанырының саңлақтары біздің актерлеріміздің шеберлігін, қойылымның сценалық көп көріністілігін және қазақ халқының музыкасының керемттігін атап өтті.
Фестиваль бағдарламасына ресми, бейресми және көшедегі қойылымдар, сондай-ақ семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер мен көрмелер енгізілген. «Қазіргі заманғы қуыршақ өнері» семинарында театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Юсуповтың «Қазақстандағы қуыршақ өнері» тақырыбына жасаған баяндамасын шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырды. Баяндамашыға біздің елде қуыршақ жанырының дамуына байланысты көптеген сауалдар қойылды.
Құрметті балалар!
Сіздерге қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді!
Біздің театрдың конкурстық комиссиясы Наурыз мерекесіне арналған үздік балалар суреті сайысының қорытындысын шығарды және үздік суретті жариялады.
Үздік балалар суреті біздің театрда алғаш рет өткізіліп отыр. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау ғана емес, сонымен қатар қуыршақ өнерін жас бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына насихаттау.
Сайысқа қатысуға біздің тұрақты көрермендерімізбен қатар сурет өнеріне құштар балалар да шақырылды.
Әділқазы мүшелеріне жеңімпазды анықтау оңайға түскен жоқ, себебі әрбір жұмыс өзіндік ерекше, өзінше қызық болды. Дегенмен жеңімпаздар анықталды. Ең үздік болып танылған жұмыстар:
Калиновская Ксюша - 6 жыл
Мынбаева Камила - 6 жыл
Сигида Настя - 3 жыл
Базарнова Ксения - 4 жыл
Барлық жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз және сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғыс жариялаймыз!
Түркияға гастрольдік сапар
2009 жылы 7-21 желтоқсан аралығында театр Бурса қаласында өткен (Түркия) «Қарагөз» Халықаралық көлеңке және қуыршақ театрларының фестиваліне қатысты. Қарагөз - Түркияның дәстүрлі көлеңке театрының кейіпкері. Осман империясы кезінде Қарагөз қатысқан қойылымдар көңіл көтерудің бір түрі болған. Көне заманғы көлеңке театры өнері Түркияда әлі де сақталған.
Фестиваль Түркия Мәдениет министрлігінің және Қуыршақ театрлары іқайраткерлері одағының (UNIMA) қолдауымен 13 мәрте өтіп отыр. Осы жылы фестивальда Иран, Болгария, Әзербайжан, Греция елдерінен келген театрлар, Стамбул, Анкара, Адана және Бурса қалаларының қуыршақ театрлары өнер көрсетті.
Біздің театр фестивальда Н.Оразалин жазған «Тарқамайды тойымыз» қойылымын көрсетті, қойылым театрландырылған қуыршақ шоу түрінде көрсетіледі, оған ТМД елдерінің ән-билері енгізілген. Біздің қойылым шетелдік және жергілікті әріптестеріміздің қызығушылығын туғызып, сыншылар мен театр танушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Фестиваль кезінде түркия қуыршақ жанры өнерпаздарының сұрауымен ашық мастер-класс өткіздік, онда қазақстанның қуыршақ жасау және жүргізу әдіс-тәсілдерімен таныстырдық.
Фестиваль аясында «Қаңбақ шал» қуыршағын Бурса қаласының мұражайына (Bursa Kent Muzesi) және «Қарагөз» тарихи көлеңке театрына ресми тапсыру ұйымдастырылды. Бурса қалалық мұражайының кеңесшісі және үйлестірушісі Ахмет Ердонмез біздің әртістерге шексіз алғысын білдіре отырып, тағы бір аптаға қалуымызды өтінді. Біздің Қазақстанның тәуелсіздігі мерекесіне байланысты шараларымыз болғандықтан театр әкімшілігінің бас тартуына тура келді. Театр әкімшілігі Түркияға тағы да гастрольдік сапармен келуге уәде берді.
Біздің театрдың өнері және қазақстандық қуыршақтың мұражайға берілгені туралы бір апта бойы жергілікті БАҚ-да жазылып, телеарналардан көрсетілді. Біздің театрдың ұжымы «Bursa`da Zaman» телебағдарламасына шақырылды, бағдарлама барысында тікелей эфирден UNIMA түрік ұлттық орталығының президенті Мевлют Езхан қазақстандық актерлердің орындаушылық шеберлігіне жоғары баға беріп, қуыршақ жүргізу және қуыршақ жасау әдістерімізді ерекше атап өтті.
Болашақта қуыршақ театрының ұжымы Жапонияға, Тәжікстанға, Чехияға, Норвегияға және Болгарияға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр.