Алматы қаласы Мәдениет басқармасының
Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми сайты
kaz | rus | eng | Іздеу
о театре
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры 75 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
репертуар
01. «Атамекен»
02. «Тарқамайды тойымыз»
03. «Үш торай»
премьеры
01. «Али-баба жане 40 каракшылар»
02. «Чемпион Қожа»
03. «Солдатский котелок»
контакты
Алматы қ., Пушкин к-сі, 63

+7 (727) 273 69 21 (касса)
   жақын арадағы қойылымдар

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Мемлекеттік қуыршақ театры бәйге жариялайды

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры қазақтың дәстүрлі қуыршақ өнерін дамыту мақсатында халықаралық «Ортеке» қуыршақ өнері фестивалін өткізеді. Фестиваль аясында қуыршақ өнерінің «Ортеке» дәстүрлі жанры бойынша келесі номинацияларға бәйге жарияланады:

1. «Ортеке» қуыршақ жанрының шебер орындаушысы
Бәйге көлемі:
Бас бәйге - 300 000 теңге;
Бірінші бәйге - 200 000 теңге;
Екінші бәйге - 150 000 теңгеден;
Үшінші бәйге үшеу - 75 000 теңге.
2.«Ортеке» қуыршағын жасаушы шебер
Бәйге көлемі:
Бірінші орын - 200 000 теңге;
Екінші орын - 150 000 теңге.

Бәйге қатысушыларға қойылатын шарттар:
Өзі жайлы толық мәлімет (резюме).
Кәсіби деңгейде түскен 10х5 фотосурет.
Республикадағы барлық аймақтардың атынан осы бәйгеге қатысуға ниет білдірген өнерпаздардың жол ақысы, тамағы, жатын орны Мемлекеттік қуыршақ театрының есебінен.
Бәйге осы жылдың 16-20 қыркүйек аралығында Қуыршақ театрының ғимаратында өтеді.
Бәйгеге қатысуға өтініштер ұйымдастыру комитетіне 10 қыркүйекке дейін келесі мекен-жайға жіберілуі қажет:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 63
Телефондар: 8 (727) 273-56-56