Алматы қаласы Мәдениет басқармасының
Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми сайты
kaz | rus | eng | Іздеу
о театре
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры 75 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
репертуар
01. «Атамекен»
02. «Тарқамайды тойымыз»
03. «Үш торай»
премьеры
01. «Али-баба жане 40 каракшылар»
02. «Чемпион Қожа»
03. «Солдатский котелок»
контакты
Алматы қ., Пушкин к-сі, 63

+7 (727) 273 69 21 (касса)
   жақын арадағы қойылымдар

Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы
Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы
25 қыркүйек 2 қазан аралығында Алматы қаласы қуыршақ өнерінің астанасына айналады. Алматы қаласының әкімдігі, Мемлекеттік қуыршақ театры, Дүниежүзілік қуыршақшылар Ассоциациясы және «Tanaris» кинокомпаниясы І Дүниежүзілік қуыршақ карнавалына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оған әлемдегі түрлі мемлекеттерден: Швейцария, Португалия, Франция, Германия, Иран, Чили, Норвегия, Ресеей, Испания, АҚШ, Италия, Румыния, Украина, Перу, Армения т.б. қонақтар жиналады.
Ерекше, ауқымды шара кәсіби қуыршақ мамандары мен әуесқойлардың басын бір шаңырақтың астына біріктіреді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары күн сайын тамаша қойылымдар мен дала думанын тамашалай алады.
Мұндай салмақты шара кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ. «Алматы -2011 Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналады.
«Өмір мерекесі» ұранымен өтілетін бұл шараның ұйымдастырушыларының басты мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарының күзгі уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткуіне ықпал ету. Карнавал бағдарламасына Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі, Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалінің салтанатты шеруі, мастер-класстар, семинарлар, сондай-ақ балалар үйлері мен қарттар үйлері және емдеу мекемелері үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастыру енгізілген.
Ең маңызды оқиға 1 қазанда ҚР Бірінші президенті атындағы саябақтан бастау алады. Ол күні саябақ 21 елден келген қуыршақшылардың қатысуымен аспан астындағы үлкен сахна алаңына айналады.
25 қыркүйек 2 қазан аралығында Алматы қаласы Мемлекетттік қуыршақ театры ғимаратында және «Artишок» театрында Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, көрермендер қуыршақ өнерінің тамаша туындыларының куәсі бола алады. Балаларға да, ересектерге де арналған қойылымдар көрсетіледі. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалі өтеді. Фестивальдар конкурстық жүйеде ұйымдастырылған. Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне төрелік етуге Тунис, Жапония, Чехия, АҚШ, Қытай және Қазақстаннан арнайы әділқазы мүшелері шақырылды. Ал Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалінің жеңімпаздарын Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және телевидение» факультетінің студенттері анықтайды.
28 Панфиловшылар паркінде күн сайын дала думандар ұйымдастырылады. 28 қыркүйекте АҚШ Елшілігінің қолдауымен Мемлекеттік қуыршақ театры ғимаратында «АҚШ қуыршақ өнері күні» өтеді. Осы шараға қатысуға «Bits ‘N Pieces», «Magical Moonshine» қуыршақ театрының мамандары және «Open Eye Figure» қурышақ театрының актерлері арнайы шақырылып отыр. 29 қыркүйекте 28 Панфиловшылар паркінде шетелдік ұжымдардың қатарында «Calle-96» куба мектебі «Carnival de Cuba» каранвалдық думанын тарту етеді.
Сондай-ақ, 2 қазанда «Көк-Төбе» паркінде «Битлз» тобының ескерткішінің жанында барлық шетелдік ұжымдар әйгілі «Битлз» тобының әуендерінің ырғағымен қуыршақ нөмірлерін көрсетеді.

Байланысу:
Алматы қ. Мемлкеттік қуыршақ театры
Пушкин к-сі, 63
Тел./факс: + 7 (727) 273 56 56, + 7 (777) 678 40 78,
E-mail: gos-teatr-kukol@mail.ru, gosteatrkukol@gmail.com
URL: www.puppet.kz, http://www.facebook.com/profile.php?id=100002219355099


Бургас қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының гастролі
26-28 наурыз аралығында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын үшін ерекше оқиға болмақ. Тұңғыш рет Қазақстанда Бургас қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының «Бон Бон Оле» болгар музыкалық-думаны қазақ тілінде көрсетіледі.
Аталмыш қазақ-болгар шығармашылық жобасын Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, жас ұрпақтың ана тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырып отыр.
Бұл Болгар театрының Алматыға бірінші рет келуі емес. Болгар қуыршақ театры қазақстанға алғаш рет Алматы қ. Мемлекеттік қуыршақ театрының 75 –жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған фестивальге «Веселье в лесу» қойылымымен қатысқан болатын. Бургас қ. Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Христина Арсенова фетсивальдің басты сыйы қазақстандық бүлдіршіндердің ерекше ықыласы болғанын атап өтті. Сондықтан, болгарлық қуыршақшылар Алматыға келіп қазақ балаларына олардың ана тілінде қойылым көрсету туралы ұсынысты ризашылықпен қабыл алды. Әртістер төрт ай бойы қазақ тілін үйренді.
«Бон Бон Оле» музыкалық-думанын қоюшы Томас Имова – болгарлық бүлдіршіндерге болгар тіліндегі қойылымдар арқылы жақсы таныс. «Бон Бон Оле» музыкалық -думанының қазақша нұсқасы қазақстандық бүлдіршіндер үшін арнайы дайындалды.
Алматыда Неделина Роселинова, Грета Крастева және Женя Тодорованың сынды шебер актерлер қойылымдағы барлық кейіпкерлерді қазақша сөйлетеді.
Болгар труппасы өнер көрсетер алдында Алматы қ. Мемлекеттік қуыршақ театры "Наурыз-мейрамына" арналған "Қош келдің, Наурыз!" атты театрландырылған шоу бағдарламасын ұсынады. Бүлдіршіндер еліміздегі сүйікті мерекелердің бірі - Наурыз мейрамын тойлау рәсімдерімен және қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныса алады. Сондай-ақ, мерекелік қойылымда Тазша бала, Қаңбақ шал, Мыстан кемпір сияқты қазақ ертелігерінің кейіпкерлерімен қауышып, "Шашу", "Бесікке салу", "Қыз куу" дәстүрлерін тамашалайды. Ән салып, би билейді.

Болгариядан ізгі ниетпен
Болгариядан ізгі ниетпен

Бургас қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры
БОН БОН ОЛЕ
музыкалық шоу
Қойылым қазақ тілінде
Авторлары: Мирослава Топчиева және Томас Имов
Қатысатындар: Неделина Роселинова, Грета Крастева, Женя Тодорова
Сіздер конфеттер ән салып, круассандар би билеп, сондай-ақ жемістен жасалған балерина өнер көрсететін ғажайып варьете-шоу көре аласыздар.
Енді бір сәтте осындай тамаша кештің шырқын кетіріп, тағам бұзар әзәзіл пайда болады. Ол барлық дәмді кейіпкерлерді алдап-арбап, өзіне баурап, жүргізушісінің сиқырлы таяғын ұрлап алуды жоспарлайды. Сөйтіп бағдарламаны өзі жүргізгісі келеді. Осылайша бағдарламаға қауіп төнеді.
Не істеу керек? Осы сәтте көмекке Қант ұнтағы, Жұлдыз және тамақсау Құрт келеді. Олар өз күштерін біріктіріп, өнер мен қиял әлемін әзәзілден қорғап қалады.